Шымкентте мыс және алюминий сымдары өндіріле бастады. Өнім негізінен түрлі қуаттылықтағы трансформаторларды құрастыруға қажет. Өзіміздің мыс-аллюминий сымдар тауар құнын 10 пайызға дейін арзандатуға мүмкіндік береді. Кентау трансформатор зауытының да өндіріс қуаты осының арқасында үш есеге дейін артқан. Кәсіпорын қазір өз өнімінің 50 пайызын шетелге саудалап отыр. Пештің іші 750 градус ыстық. Аллюминий қорытпалар осында балқытылып, ары қарай түрлі жуандықта сым болып шығады. Зауыт қазір жылына 240 мың тонна альюминий сым шығарады,-деп жазады shymkenttv.kz. Негізгі тұтынушылар Кентау трансформатор зауыты мен Өзбекстандағы электр бұйымдарын жасайтын кәсіпорын. Олар өнім сапалы болғандықтан қызығып отыр.
Бекжан Айтқұлов, «Цветмет» зауытының бас директоры; Технологиямыздың ерекшелігі арнайы қоспалар қосу арқылы қуаттылығы жоғары кабель өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді.
Дайын өнім зауыт жанындағы арнайы зертханада жіті тексеруден өтеді. Металлдың өңделуінен бастап, оның физикалық қасиеттері түгел сарапталады. Ол сынақ талаптарына сай болса ғана нарыққа жол тартады.
Ләззат Шыназбекова, зертхана қызметкері; Мына прибордың көмегімен электр өткізгіштігін, қарсыласуын және қанша градуста қызғанын тексереміз. Егер мемлекеттік стандартқа сай болмаса өнімді қайта өңдеуге жібереміз.
Кентау трансформатор зауытын шикізатпен қамтамасыз етіп отырған тағы бір өндіріс – Шымкенттегі «Трафф.КЗ» кәсіпорны. Мұнда электр құралдары үшін қажетті сымдар мыстан жасалады. Бір айдың өзінде үш түрлі жуандықта 500 тоннадай дайын өнім әзірленеді. Шикізат Жезқазғандағы кен орындарынан әкелінсе, мұндағы технология түріктердікі.
Тохтажан Ахметова, «Трафф.кз» зауытының басшысы; Дайын өнімді қазір бізден «Алагеум» алып жатыр. «Электрокомплект» бар Қазақстанда. Олар алады. Сонан соң біразын Иранға , тағы біразын Түркияға жібердік.
Отандық кәсіпорындардың өзара экономикалық ықпалдастығы түрлі салады өндірістің өркендеуіне сеп болды. Қаржылық қиындыққа қарамай, олардың жұмыс күшін сақтап қалуына мүмкіндік берді. Шығарған өнімін қиындықсыз сатуға жол ашты.