Шымкенттіктер жеңіс күнін тойлады

Аймақ
10.05.2016, 20:48

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған «Ер есімі-ел есінде» салтанатты іс-шарасы өтті. Шара "Мәңгілік даңқ" шеруімен бастау алды. Қажымұхан атындағы орталық стадион маңынан басталып, "Даңқ" мемориалына дейін жалғасын тапқан шеруге 1 мыңнан аса  азамат қатысты.

Жеңіс күнгі мерекелік шара Абай саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасын тапты. Онда қатысушылар майданда қаза тапқан құрбандарды еске алып, оларға тағзым етті.

13119083_971079796341693_1755341200293343048_nШараға қатысқан өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін және барша оңтүстікқазақстандықтарды Жеңістің 71 жылдығымен құттықтады.

"Бұл соғыста біздің азаматтары­ мыз ерлік пен қаһармандықтың ең жоғары деңгейдегі үлгісін көр­ сетті. Сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз бүгінгі ұрпақ үшін нағыз отансүйгіштіктің, көпұлтты татулықтың теңдессіз үлгісі болып тарихта жазылып қалды. Сол мәңгі өшпес өнегелеріңіз жүрегіміздің төрінен орын алды. Болашақта да солай бола бермек",-деді өз құттықтау сөзінде облыс әкімі.

Ұлы Отан соғысына Оңтүстік Қазақстаннан 140 мыңнан астам адам аттанып, олардың жартысына жуығы туған жерге оралмаған.

ІІ Дүниежүзілік соғыста жанқиярлық ерлігі үшін оңтүстікқазақстандық 51 азаматқа Кеңес Одағының батыры1936109_971080129674993_2507253271068201482_n атағы берілсе, 8 жерлесіміз «Даңқ» орденінің иегері атанды. Жаужүрек қайсарлығы үшін мыңдаған ардагерлеріміз түрлі орден, медальдармен марапатталды.

Бүгінде от пен оқтың арасынан елге аман-сау оралған майдангерлердің 325, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер 1204, тылда тынымсыз тірлік жасағандардың 21 мыңнан астамы арамызда бар.

Мемлекеттік саясаттың арқасында ардагерлерді әлеуметтік тұрғыда қорғау, қолдау шаралары жүйелі іске асып келеді. Осы тұста айта кету керек, биыл мереке қарсаңында жергілікті бюджет есебінен ҰОС ардагерлерінің әрқайсысына 212 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілсе, бір соғыс ардагеріне пәтер кілті табысталды. Сонымен қатар, өңірдегі 6 ардагердің тұрғын үйін ағымдағы жөндеуден өткізу мақсатында олардың жеке есеп шотына қаржы аударылды.

Мерекелік шарада Ұлы Отан соғысы және тыл еңбеккерлеріне арналған әскери өмірден театрландырылған көрінісі ұйымдастырылып, дала ботқасы ұсынылды.

Сұхбат

PhotoRoom