Шымкентте жыл басынан бері аумағы 4,4 гектарды құрайтын жаңадан жылыжайлар салынып, нәтижесінде қаладағы жылыжайлардың жалпы аумағы 135,6 гектарды құрады. Одан бөлек, 2400 гектарға терең қопсыту технологиясы мен 10 гектарға тамшылатып суғару әдісі ендірілді.
Ал мал шаруашылығын қолдау бағытында қалада «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары іске асырылуда.
Жыл басынан «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 73 бас ірі қара мал, «Алтын асық» бағдарламасымен 391 қой және «Құлан» бағдарламасы бойынша 57 жылқы алынды.