Шымкенттік ҰОС ардагері 12 рет ажалдан аман қалған

Аймақ
10.05.2016, 20:10

Шымкенттік қарт майдангер Айтжан Бекназаров соғыста 12 рет ажалмен бетпе-бет келіп аман қалған. Бүгінде 94-ке келген қария «оқ пен оттың ортасынан жарақат алмай, дін аман қайттым», - дейді. Жеңістен кейін бар ғұмырын сот саласына арнаған ардагер фемида қызметкерлері өткізген «Ұрпақтар сабақтастығы» атты басқосуда жас судьялар мен көпшілікке сұрапыл соғыс жылдары бастан кешкен қиындығы мен Отан үшін опат болған қарулас достарының ерлігі жайлы айтып берді. 30 жылдан астам сот саласында еңбек еткен 8c9b68799605b1891a555c8ca1194be3_LҚұрметті судья «Тұғыры биік Тәуелсіздік ұғымын ұлықтау керек», - дейді. 19 жасында қан майданға өзі сұранып аттанған бозбала Тараз қаласындағы №105 қазақ ұлттық атты әскер дивизиясының құрамында болғанү-деп жазады 24.kz. Байланысшы мен барлаушы міндетін атқарған ардагер Сталинград ұрысына да қатысқан. Бірде жаудың сұрмергені атқан оқ беліне байлаған су құтысына тиіп, жан сақтапты. Қырағы жауынгер өзіне төнген қауіп-қатерге қарамастан, талай қарулас достарын ажалдан аман алып қалған екен.

Айтжан Бекназаров, Ұлы Отан соғысының ардагері: - Мен сол сақтаушысы бар адамның бірімін деп ойлаймын. Неге? Есіме түсіп отыр, 12 рет тура келген ажалдан аман қалыппын. Молдавияда 4 ай қорғаныста тұрдық. Ботта деген үлкен көл бар. Арғы жағынан бергі бетке оқ жетпейді. Соның бергі жағасындағы қырда, бақылау пунктінде немісті қарап отырамын. Жерді терең етіп қазып снайпер отырғанын көріп қалдым. Біздікілер суға барады. Сосын айқайладым «суға бармаңдар, мерген отыр» деп. Сөйтіп мен қанша солдатты аман алып қалдым.

 

Сұхбат

PhotoRoom