Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында жалпы құны 73,7 млрд. теңгені құрайтын 71 инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы 5 мыңнан астам жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Қазіргі таңда құны 19,8 млрд. теңгені құрайтын 38 жобасы іске қосылып, 3 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды.
Шымкент қаласында инвесторлар және жергілікті белсенді азаматтар тарапынан өнеркәсіп кәсіпорындарын дамытуға инвестициялар салуға қызығушылық жоғары.
Осы мақсатта қаланың 2 жерінен индустриялық аймақтар құру жоспарланған. Қазіргі таңда, «Тассай» елді мекеніндегі 89 га жерге индустриалдық аймақтың инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, 2015 жылы республикалық бюджеттің қаржысы есебінен құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл аймақта жалпы құны 17 625 млн. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жобаларды ашу арқылы 1 493 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.
Сонымен қатар, «Жұлдыз» елді мекеніндегі 76,2 га құрайтын индустриалдық аймақтың инженерлік жүйелерінің жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптама қарауына ұсынылған.