Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы қала үшін маңызды салалардың бірі.
2016 жылдың қаңтар-наурыз айларында қалада 75 068 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, немесе 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (74 815 бірлік) 3,9%-ға артқан.
Қаладағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 45029,7 млн. теңгеге өнім өндірілді, немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (44230,6 млн. теңге) 101,8%-ды құрады.
Шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылған жұмысшылардың саны 130,7 мың адамды құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жұмысшылардың саны (128,9 мың адам) 1,4%-ға артқан.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында есепті үш айда құны 4047,4 млн.теңгені құрайтын 12 жоба Өңірлік Үйлестіру кеңесінде қаралды.
Ал, «Максимум АИО» ЖШС-мен 6 бизнес-жоба 46,5 млн.теңгеге мақұлданып, 73,5 млн. теңгеге 7 бизнес-жоба қаржыландырылды.
2016 жылғы 07 сәуір күні «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС-нің ғимаратында Шымкент қаласы кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен ОҚО қаржы мекемелері, яғни «Максимум» АИО, «Ырыс» МКҰ, «Даму-Кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ ОҚО филиалы және «Жұмыспен қамту орталығының» Кәсіпкерлік бастаманы оңтайландыру бөлімінің мамандарымен «Бизнестің жол картасы-2020» және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламалары аясында көрсетілетін құралдар бойынша қала тұрғындары мен жеке кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.