ШЫМКЕНТ ЕЛІМІЗДЕГІ ІРІ АГЛОМЕРАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛАДЫ

Аймақ
11.05.2016, 15:09

5732db7cf37d3Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловтың қатысуымен еліміздегі үшінші ірі мегаполис - Шымкенттің  агломерациясы туралы мәжіліс өтті,-деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Қарапайым тілмен айтсақ, агломерация - инвестициялық күштердің бір арнаға топтастырылуы. Урбандалу

процестерінің негізінде индустралдық аймақтарға болатын өзгеше даму әдісі. Қала аумағында орналасқан

қаншама зауыт, фабрикалар келешекте көптеген жұмыс күштерін өзіне тарта түсетіні анық. Осы тұрғыдан5732f2506945a алғанда болашақта Шымкент қаласының іргесіндегі елді-мекендер, өндіріс орындары қалаға «қызмет етушілер» болып табылары қақ. Бұл әлемдік практикада бар дүние. Себебі, Нью-Йорк, Париж, Лондон нағыз

агломерацияның айқын жемісі екендігін уақыт дәлелдеп берді.  Әрі оны күллі әлем көрді. Сондықтан өзімізде бар табиғи шарт жағдайды пайдалана отырып, Шымкентті Оңтүстік өңірдің агломерациялық «жүрегіне» айналдыруымыз қажет.Бір сөзбен Шымкент өзінің жарқын даму жолында өзімен көршілес аудан-қалаларды да бірлікте алға сүйрей түсетіні анық. Бұған шаһардың экономикалық, әлеуметтік, мәдени потенциалы жеткілікті». Қала әкімдігінде Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов облыс әкімі  Б.Атамқұловтың алдында ҚР Үкіметінің «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жоспарланған жұмыстар туралы баяндамасында осылай деп мәлімдеді.

Сұхбат

PhotoRoom