Биыл Шымкент қаласында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде 2 592 пәтерлі 33 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде:
- «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі» арқылы 540 пәтерлі 6 тұрғын үй;
- Коммуналдық 936 пәтерлі 11 тұрғын үй;
- Жас отбасыларға арналған 216 пәтерлі 1 тұрғын үй;
- «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы 900 пәтерлі 15 тұрғын үй.
Сонымен қатар, қалада 2016 жылдың 3 айындағы статистикалық мәлімет бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 6 403,0 млн. теңгені құрап, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,5 пайызға артқан. Ал осы жылдың 1 сәуіріне дейін қала бойынша 80 жеке тұрғын үй, 10 пәтер, 1 гараж, 125 коммерциялық нысандар пайдалануға берілген. Сондай-ақ, бас жоспарды іске асыру мақсатында қала аумағының 5 жеріне егжей-тегжей жоспарлау жобалары жасақталуда.
Барлық қаржыландыру көздері есебінен 113,1 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, көлемі 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,4 есеге артқан.