Шымкентте биыл 7 жаңа мектептің құрылысы жүруде

Аймақ
12.05.2016, 12:07

00110Шымкент аумағында 127 жалпы білім беру мектептері жұмыс жасайды. Ондағы ұстаздар саны 16112 бірлікті құрайды. 2016 жылы білім саласын дамытуға жалпы 37948,5 млн. теңге қаралып, тиісті кезеңге 8510,2 млн. теңгесі немесе 22,4% игерілген.

Қалада демографиялық өсімнің жоғары болуына байланысты, оқушылар санының өсімі – заңды құбылыс. Сондықтан, қалада білім нысандарын дамыту басты міндеттерінің бірі. 2016 жылы бюджеттен 7 133,2 млн.теңге қаржы бөлініп, 7 жаңа мектеп, 5 мектепке қосымша құрылыс, 1 апатты мектепті және Оспанов көшесі №61 ғимаратты балабақша етіп қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Аталған жаңа мектептердің екеуі биыл пайдалануға берілсе, қалған 5-і келер жылға өтпелі.

Білім беру саласына жаңа технологияларды енгізу арқылы білім беру сапасын жақсарту басты басымдықтардың бірі. Қазіргі таңда, қала мектептерінде интерактивті тақта 387, лингафон кабинеті 163, биология кабинеті 47, физика кабинеті 63, химия кабинеттері 59-ға жетті. Білім беру мекемелері толық телефон және интернет желісіне қосылған. Сонымен қатар, үздік білім беру ресурстарымен, білім беру қатысушыларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін 36 мектепке «e-learning» электрондық оқыту жүйесі енгізілген.

Сонымен қатар, С.Ерубаев атындағы № 24 мектеп-лицейінде пилоттық жоба ретінде электронды басқару ақпараттық бағдарламалық кешені енгізілген.

Ал «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекеменшік механизмдерін кеңінен қолдану шаралары жеделдетіліп, мектепке дейінгі мекемелер саны 326 жеткен (84-мемлекеттік, 208-жекеменшік, 34–шағын орталықтар). Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде 47 533 бала қамтылған. Соның ішінде,«Балапан» бағдарламасы бойынша 45 683 бала немесе қамту деңгейі 80,0 пайызды құрады.

Сұхбат

PhotoRoom