ШЫМКЕНТТЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

Аймақ
13.05.2016, 19:20

IMG_2808Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өз деңгейінде қамқорлық көрсетілуде. Соның дәлелі ретінде шаһар аумағында «Әлеуметтік такси» және «Инватакси» көлік қызметі жолға қойылды. Мұқтаж азаматтар тек байланыс сымтетіктері («Әлеуметтік такси» – 53-99-91. «Инва-такси» – 32-52-65) арқылы бұл қызмет түріне оңай қол жеткізе алады. Қазіргі таңда облыс аумағында жеті инватакси болса, жекелеген 24 әлеуметтік такси жұмыс атқарып отыр.

Жаяу жүргіншілер жолағынан өте алмайтын мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қала әкімінің тікелейСнимок экрана 2016-05-12 в 19.20.39 қадағалауымен Т.Рысқұлов даңғылындағы жаңадан тұрғызылған жол үсті өткелінде арнайы мүгедектерге арналған лифт орнатылды. Алдағы уақытта қаланың тұрғындары жиі жүріп-тұратын жол бөліктерінде осындай құрылғылар орнату жоспарланған. Сонымен қатар, қала әкімдігі тарапынан алдағы уақытта қоғамдық көліктерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған құрылғылардың санын арттыру көзделуде. Қала әкімдігінде өткен жиында шаһар басшысы Ғ.Әбдірахымов әкімдік қызметкерлерін арыз-шағым жиі айтылатын «ыстық нүктелерге» барып, тұрғындармен кездесіп, әрбір талап-тілек бойынша тиісті іс-шараларды қолға алуға шақырды.

Сұхбат

PhotoRoom