Шымкентте коммерциялық нысандардың маңдайша жазбаларына рейд ұйымдастырылды

Аймақ
14.05.2016, 15:48

1124Шымкентте аудан әкімдігінің қызметкерлері аудан аумағында орналасқан коммерциялық нысандардың маңдайша, жарнамалар және тағы басқа көрнекі ақпараттарды «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкестендіру мақсатында жылдың басынан бері рейдтік іс-шаралар жүйелі түрде жүргізуде.

Ауданға қарасты 358 нысан тексерілді. Оның ішінде «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңына сай келмейтін 156 коммерциялық нысан иелеріне ескерту қағаздары беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне тиісті мәліметтер жолданды. Жұмыстар жалғасын табуда.

Сұхбат

PhotoRoom