Шымкентте жеңіл рельсті көлік жүйесі салынуы мүмкін

Аймақ
14.05.2016, 16:05

57344bf300b83Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, келешекте қала жолдарында ЛРТ (жеңіл рельсті көлік) жүйесін

салу қажеттілігі туындап отыр. Осы мақсатта А - 2 автомобиль тас жолын, Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс айналма

жолдарының құрылысы, Абай және Қонаев даңғылдарының жалғасын және қаланың Солтүстік – Оңтүстік,

Шығыс – Батыс бөліктерін байланыстыру көзделген.

Бұл туралы қала әкімдігінде ҚР Үкіметінің «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында өткен жиында

Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымов облыс басшысы Б. Атамқұловтың алдында жоспарланған жұмыстар туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, қала әкімі өз баяндамасында агломерациялық процесстерді тиімді ұйымдастыруда57344c15ea724

транспорт саласының маңызы зор екендігіне тоқталып, қолданыстағы темір-жолдармен Ленгір–Шымкент,

Түлкібас-Сайрам–Шымкент бағыттарына жолаушылар тасымалдауды «Электричка» (электрлі темір жол

және осындай жолдың пойызы) арқылы жүзеге асыру ұсынысын айтып өтті.

Бұл біріншіден, қалаға кіре берісте көлік кептелісін азайтып, уақыт үнемдеуге, екіншіден, елді мекендердегі

тауар өндірушілердің өнімдерін дер кезінде қала аумағына жеткізуде ыңғайлы болмақ.

Сұхбат

PhotoRoom