Шымкентте мемқызметкерлердің cпартакиадасы басталды

Аймақ
15.05.2016, 13:01

Шымкентте мемлекеттік қызметкерлердің cпартакиадасы басталды

1

Дәстүрлі cпартакиада жалауын көтерді. Шымкент қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері арасында

өтетін спорт бәсекесі ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

2

Қ. Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда жарыстың ашылу рәсімі өтті. Жиында  Шымкент қалалық

мәслихатының хатшысы Нұрлан Бекназаров құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

3

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген дәстүрлі тунирдің  мән-маңызы жоғары. Қызмет

барысында бір-екі күнді спорт жарыстарына арнағанымыз өте дұрыс. Елбасымыз салауатты өмір салтына

көп көңіл бөліп жатыр. Спорт – біріктіруші күш. Әсіресе, командалық ойындар арқылы әріптестік нығаяды.

Жарыста мықтылар жеңсін! – деді мәслихат хатшысы.

4

Шымкент қаласы әкімінің аппараты мен қала мәслихаты, аудан әкімдіктері мен құрылымдық бөлімдерден

құралған 11 команда спорттың сегіз түрінен сайысқа түседі. Атап айтқанда, жанкүйерлер бір апта бойы кіші

футбол, волейбол, үстел теннисі, дойбы, шахмат, арқан тарту, жеңіл атлетика және қол күресінен тартысты

ойындарды тамашалай алады.

5 (1)

Жарыстың алғашқы күні волейбол, дойбы, үстел теннисінен бәсекелер өтеді. Ертең кіші футбол, шахматтан

жарыстар ұйымдастырылады. Жеңіл атлетика, қол күресі, арқан тарту жарыстары 21 мамырға жоспарланып отыр.   

Сұхбат

PhotoRoom