Шымкенттегі «Оңтүстік» шағын ауданында кәріз жүйесі іске қосылды. Естеріңізге салсақ, осы аталған ауданда коллекторы жарылып, тұрғындарды әбігерге салған болатын. Бірақ бүгінде ондағы апатты жағдай толық қалпына келтірілді. Енді құбыр үстіне орналасқан барлық үйлер бұзылмайтын болып шешілді.
Қала әкімдігі тарапынан құрылған жедел комиссияның жұмыс жүргізуінің нәтижесінде биыл жоспарланған
5-6 шақырымдық кәріз коллектор жүйесін жаңарту жұмыстарының осы аудандағы бір шақырымдық бөлігі жаңа жүйемен іске қосылды.
Қазіргі таңда барлық бөліктер түгелдей іске қосылып, сарқынды сулар тоқтаусыз ағуда. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов мәлімдеді. Айта кетерлігі, қалаішілік кәріз жүйесі «Оңтүстік» шағын ауданы аумағындағы жалпы 17 тұрғын үйден өтеді. Оның ішінде кәріз құбырлары 6 тұрғын үйдің астынан өтсе, 7 тұрғын үйден 2м, 3м,4м қашықтықта орналасқан. Ал қалған 5 тұрғын үйлердің қоршау және қосалқы нысан
(хозпостройка, гараж) астынан жүргізілген.