Шымшаһарда Шымкент экономикалық форумы өтпек

Аймақ
20.05.2016, 21:39

2017 жылы алғаш рет Шымкент экономикалық форумы өтеді. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қазақстандық кәсіпкерлермен өткен кездесуі барысында мәлім етті. Аталмыш шара жыл сайын мамыр айының 13-жұлдызында дәстүрлі түрде өтіп тұрмақ. Бұл тақырып жуырда «Шымкент – Қазақстанның үшінші мегаполис қаласы» атауымен өткен конференцияда кеңінен талқыланған еді.

Қала әкімінің пікірінше, аталған форум еліміздің ірі мегаполис қалаларының бірінен саналатын Шымкенттің даму мүмкіндіктерін айқындайтын болады. Қысқасы, бұл идея қазірдің өзінде көптеген кәсіпкерлер тарапынан лайықты қолдау тауып отыр. «Алғашқы Шымкент экономикалық форумын 2017 жылдың 13-мамырында өткізу жөнінде нақты шешім қабылданды. Идеяның белсенді қатысушыларына, әсіресе, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа білдірер ыстық лебізіміз бен айтар алғысымыз шексіз» - деп жазыпты әлеуметтік желіде конференцияға қатысушылардың бірі.

Сұхбат

PhotoRoom