«Алтын адам» фабрикасының ресми дүкені ашылды. Қазіргі таңда сәнді әрі сапалы киіну қомақты қаржыны талап етеді. «Алтын адам» киім фабрикасы осы тұста отандастарымызға өз тауарларын қолжетімді бағада ұсынып отыр.
Тұтынушы сұранысына қарай күні кеше фабрика //фирмалық дүкеннің екінші нүктесін ашты,-деп хабарлайды shymkenttv.kz. Енді, жерлестеріміз өз дене бітімі мен талғамына сай брендтік киімді Шығыс мөлтекауданындағы бұрынғы «Салтанат» дүкеніне барып, сатып ала алады. «Алтын адам» тігін фабрикасы Қазақстан нарығында үш жылдан бері жұмыс істейді. Кәсіпорын ұсынған сәнді киімдер топтамасы қазірдің өзінде жоғары сұранысқа ие. Сапасы жоғары. Бағасы арзан әрі денеге қонымды. Өндіріс орнының басшысы матаны арнайы тапсырыспен Түркия, Италия мемлекеттерінен әкеледі. Киімдердің дизайні бойынша да шетелдік мамандардың кеңесіне жүгінеді.
Балжан Халмұратова, «Алтын адам» тігін фабрикасының директоры; Восток мөлтекауданында біздің фирмалық дүкеніміз ашылып ортыр. Біз бүкіл өзімізден шығып жатқан жаңа модельдеріміздің бәрін, коллекцияларымыздың бәрін осы магазинімізден біздің халқымыздың отандық тауарды тұтынуға өздерінің мүмкіндігі болады. Соны бүкіл Қазақстан халқына қуана айтамыз.
Айдархан - киім үлгісі мен сапасына аса мән беретін сәнқой жігіт. Асаба ретінде көпшілік алдында жүретіндіктен, талғаммен киінуге тырысады. Айтуынша, осында тапсырыс арқылы тіктірген костюмі көңілінен шығып, «Алтын адамның» тұрақты сатып алушысына айналған.
Айдархан Боранбаев, тұтынушы; «Алтын адам» тігін фабрикасынан костюм-шалбарларды алып жүрмін. Арнайы тапсырыспен тіктірсеңіздер де болады. Өйткені әр адамның түр-тұлғалары әртүрлі болдып келеді. Сондықтан соны арнайы тапсырыспен өзіңіздің дене пішіміңізге сай етіп тіктіруге болады. Өте жоғары деңгейде тігеді. Соған риза болып жатырмыз.
Былтыр фабрика мектеп оқушыларын да арнайы формамен қамтыды. Ата-анадан шағым жоқ. Шетелден импортталған қымбат киімдерден кем емес. Отандық кәсіпорын барлық талап-тілектерді ескере отырып, жаңа маусымның топтамасын да дайындап отыр. Көріп, көз қуантайық!