Шымкент әкімі "Соңғы қоңырау" мерекелік шарасына қатысты

Аймақ
26.05.2016, 00:33

57453aa47a84dШымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп 2015 – 2016 оқу жылының «соңғы қоңырау» салтанатты іс – шараcына қатысты. Мектеп ғимаратын аралаған шаһар басшысы 1991 жылы негізі қаланған білім ұясының ағартушылық жұмысына сәттілік тіледі.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің дамуында білім саласына үлкен мән береді. Себебі Еліміздің болашағы олар мына өсіп келе жатқан жас ұрпақтар. Бұл жылғы мерекенің маңызы айрықша, өйткені мектеп бітіру кезеңі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңымен сәйкес келіп отыр. Сондықтан сіздерді жаңа ізденіс кезеңіне қадам басуларыңызбен құттықтаймын. Алдағы келе жатқан білім додасынан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін" - деді шаҺар басшысы өз құттықтау сөзінде.

Мерекелік шара барысында шаһар басшысы үшінші мегаорталық—Шымкенттің білім саласындағы жетістіктерін тілге тиек етіп, қаладағы білім ұяларының биылғы ҰБТ-дан жоғары көрсеткішке қол жеткізетіндігіне сенімді екенін айтты.

Айта кететін жайт, 3451 оқушы білім алатын бұл мектеп 2012 жылдан бері Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін енгізетін 35 базалық мектептің бірі. Шымкентте 6 мың 340 түлек түлеп ұшпақ

Сұхбат

PhotoRoom