ҚАЛАҒА ҚОСЫЛҒАН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖОЛДАРЫ ЖӨНДЕЛУДЕ

Аймақ
26.05.2016, 21:23

20160525_182529Қала əкімі Ғ.Әбдірахымов  шаһар  маңындағы елді мекендердегі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысып өтті. Іс-сапар кезінде «К.Маркс», «Забадам», «Бадам», «Қарабастау», «Сайрам» мөлтекаудандары мен №113, №30 мектеп жанындағы жолдардың жөндеуден өту барысын бақылап шықты,-деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Сапалы жолдар - шаһар билігінің басты приориттетері болып табылатынын атап өту керек. Ағымдағы жылы облыс орталығындағы жолдарды жөндеуге 13 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа 9 магистральді жолдардың жөндеуі мен құралысына (7,7 млрд.тг), 83 орамаралық жолдардың нақты жөндеуіне (2,7 млрд.тг), 99 көшенің орта жөндеуге (1,7) қарастырылып, 39 көшеде жүргінші жолаяқтары (548,7) жасалды.

Қазіргі таңда, шаһарда 44 көшеде ораша жөндеу және  6 көшеде аяқ жол салу жұмыстары аяқталды. Қала көшелерінің жөндеуіне қалалық бюджеттен 250 млн.тг қарастырылған, облыс орталығының мөлтекаудандарындағы жолдарды ретке келтіруге 250 млн.тг қаражат қарастырылған. Жоғарыда аталған елді мекен тұрғындары қала əкімін халықтың жағдайын түсініп, туындаған мәселелерді шешуге атсалысқаны үшін алғысын білдірді.

Шаһар басшысы өз кезегінде жауапты мамандарға қолданысқа беріліп жатқан жолдардың сапасына ерекше назар аударуды тапсырды. Сонымен қатар, қала маңындағы мөлтекаудандардағы жүргіншілер жолындағы қауіпсіздікті қамтамсыз етуді нақтылады.

Сұхбат

PhotoRoom