Оңтүстік Қазақстанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Билерге тағзым» велошеруі өтті. Бұл шараның мақсаты—егемендігімізің 25 жылдығын бұқаралық спорт арқылы жұртшылыққа үгіттеу. Облыс, қала әкімдігі мен облыстық сот, облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен ұйымдастырылған шараға 100-ден астам азамат қатысты.
Шымкенттегі «Бәйдібек би» ескерткішінен бастау алған велошеру Ордабасы ауданындағы «Бірлік» монументіне дейін жалғаспақ. Осылайша, велошеруге қатысушылар 43 шақырымды жүріп өтті.
Құндылықтарымызды сақтап, жастарымыздың «Мәңгілік ел» идеясы аясында Ұлы Дала тарихын насихаттайтын маңызды жоба соңы облыс өнерпаздарының мерекелік бағдарламасымен жалғасын тапты.