Шымкентте жүзу спортынан республикалық жарыс өтуде

Аймақ
30.05.2016, 00:10

e2ce6531b00e7128b5a043bc1efb12deШымкентте жүзу спортынан республикалық жарыс қызу өтуде. Байрақты бәсеке ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы мен маусымның бірі – балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылып отыр. 2004 жылғы жасөспірімдер арасында өрбіген дүбірлі додада 350-ге тарта спортшы бақ сынауда,-деп хабарлайды shymkenttv.kz. Олар - еліміздің әр түкпіфрінен келгендер. Үш күнге жалғасатын жарыстң негізгі мақсат – балалардың бос уақытын дұрыс үйлестіріп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үндеу. Спорт арқылы елді танытуға, ұрпақты тәрбиелеуге және шынайы достықты нығайтуға күш салу. Жүзу спорты елімізде қарқынды дамыған. Бүгінде бұл спортқа талаптанған жастардың қарасы қалың. 50-100 метр қашықтыққа жүзіп өткен спортшылар асқан дайындықпен келген. Барлығының бойынан жеңіске деген құштарлығы ерекше байқалады.  Жүзу спортына ден қойғаныма 4 жылдың жүзі.  Намысын нанға сатпайтын қазақтың әр азаматын спортқа баулу қажет. Бұл – тек шағын отбасындағы тәрбие ғана емес, мемлекеттік саясат. Елбасы берген тапсырма. Ұйымдастырушылар пайымы осы.

Сұхбат

PhotoRoom