Түлкібаста «Ақ шатыр» демалыс орталығы ашылды

Аймақ
30.05.2016, 21:12

Түлкібас ауданының Машат шатқалында заман талабына сай жабдықталған, тамаша табиғат аясында орын тепкен «Ақ шатыр» демалыс орталығы ашылды.

Демалыс аймағының а13312597_984027731713566_6578784438396185423_nшылуында ОҚО әкімінің орынбасары Ж.Бөкенбаев, аудан әкімі Қ.Абдуалиев сөз сөйлеп, аудан аумағында туризм кластерін дамыту мақсатында құрылған нысанның ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар, еліміздің саяхатшыларын отандық демалыс орталығына демалуға шақырды,-деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

«Ақ шатыр» - әлемдік талапқа сай жасалған демалыс орталығы. Жалпы аумағы 3 гектар жерді алып жатқан орталыққа 620 млн. теңге қаржы жұмсалған.

Нысанның ашылуына еліміздің өнер жұлдыздары - «Жігіттер» квартеті, Қ.Байкенов, ВИА Формат, Ә.Қалаубаева тағы басқа да әншілер ән шырқап, кеш соңы мерекелік отшашумен аяқталды.

Сұхбат

PhotoRoom