Ғ.Әбдірахымов қаладағы балабақшалардың жағдайымен танысты

Аймақ
31.05.2016, 23:54

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласы аумағында салынған балабақшалардың жағдайымен танысты. Әуелі, №60 «Тараз» бөбекжай балабақшасы, №61 «Нұртас» бөбекжай балабақшасы және №62 «Ботақан» бөбекжай балабақшасында болып, Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған «Балапан» бағдарламасының қала аумағында орындалу деңгейін саралады.

      Атап айтар болсақ, құрылысы 2014 жылы басталан бұл 3  балабақшаның әрқайсысы  320 орынға лайықталып салынған. Аталған бөбекжайлар  1 маусым балаларды қорғау күні мерекесіне орай пайдалануға берілмек.

      Қала халықының артуына орай балабақшаға баратын тәрбиеленушілердің саны көбейе түсуде. Осыған орай, Шымқалада жаңа бөбекжайлар көптеп салынып, ел игілігіне берілуде.

   Естеріңізге салар болсақ, өңір басшысы Шымкенттегі мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу ісін жетілдіруді тапсырған болатын. Бұл ретте, қала әкімі алдағы уақытта  жасөскіндерге арналған бөбекжайлардың қатары көбейетіндігін жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom