Шымкентте балаларға арналған қайырымдылық акциясы өтті

Аймақ
01.06.2016, 23:46

574ebf87c5fc9Қайырымдылық шарасын өткізуге Шымкент қаласының білім бөлімі ұйытқы болды. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арнап «Азия» мейрамханасында ақ дастархан жайылды. Балаларды Халықаралық мерекесімен құттықтау үшін қала әкімі Қ. Нұртай, «Жилстройиндустрия» ЖШС-нің директоры У. Валиджанова, сондай-ақ, білім бөлімінің мамандары арнайы келді,-деп хабарлайды otyrar.kz.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны 774-ті құраса, оның ішінде 40 бала патронаттық тәрбиесінде қамқорлыққа алынған.

Сұхбат

PhotoRoom