Шымкент басшысы базарлардағы өрт қауіпсіздігін қатаң қадағалауды тапсырды

Аймақ
01.06.2016, 23:49

Шымкент қаласындағы ірі сауда орындары, оның ішінде жоғары топқа жататындардың бірқатары кіші кәсіпкерлік немесе микрокәсіпкерлік субъектілері болып аталады. Ал осы санаттағы кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік тіркелу немесе қайта тіркелу уақыты 3 жылдан аспаса, аталған объектілерге тексеру жүргізілмейді,-деп жазады otyrar.kz. Іс жүзінде мұндай жағдай тексеру графигіне енгізілген жоғары топтағы сауда орындарының тексерілмеуіне алып келеді. Себебі субъект жақында ғана қайта тіркеуден өткен. Мысалы, «Сәуле» ЖШС-не қарасты «Оптовик» сауда орталығы, «Абесов» ЖК-ға қарасты «Алаш» базары, сонымен қатар түрлі заңды тұлғаларға қарасты «Жібек жолы» базары және «Арғымақ» автокөлік базары жоғары топтағы объектілерге жатқанымен, мемлекеттік тіркеуден қайта өтулеріне байланысты жақын арада тексерілмейді. Себебі, қайта тіркелгеніне 3 жыл толмаған.

Айта кететін жайт, сауда орындарының жетекшілері барлық өрт қауіпсіздігі талаптарын орындағанына қарамастан, барлық сауда орындарында қазіргі таңда қайта жобалау жұмыстары (реконструкция) жүргізілуде. Осының әсерінен жаңадан салынған сауда нүктелерінің саны нормадан асып жатады және базарларда үлкен көлемде сауда-материалдық заттар жинақталып, өту жолдарына кедергі жасайды.

Сұхбат

PhotoRoom