Шымкенттегі 3 елді мекен таза ауыз сумен қамтылмақ

Аймақ
02.06.2016, 23:34

123-11-640x4362014 жылы  Сайрам ауданынан Шымкент қаласы аумағына қосылған «Бадам-1» тұрғын алабы, «Бозарық», «Абдулабад», «Тұрдабад» елді мекен тұрғындарының баста мәселесі -ауыз су. Бүгінде мұнда  17899 тұрғын тұрады. Осы мәселені шешу мақсатында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов аудан басшылары, салалық шаруашылық бөлімдері мен операциялық компаниялардың өкілдерімен көшпелі мәжіліс өткізді.

Жиында шаһар басшысы  тиісті сала мамандарына шұғыл жөндеу жұмыстары үшін бір айдың ішінде «нөлдік баланс» желісінде жұмыс істеп, тұрғындарды уақытылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, кездесу барысында болашақта ауыз сумен жабдықтау желілерін қауіпсіз пайдалану мәселелері де талқыланды.

 Айта кетейік, мұнда 1965 жылы  «Коммунизм» жүйесі негізінде ауыз сумен жабдықтау желілері салынған. Ал, бұл жүйе Сайрам ауданына тиесілі болып, сумен жабдықтау қызметін «Сайрам Тазалық» ЖШС атқарып келген.

Ал қаланың коммуналдық меншігіне өткеннен кейін құқықтық құжаттар (техникалық төлқұжат тізбектері, баланстық құны) болмауынан  трансмиссиялық тәртібі екі жыл бойы мерзімінен кешіктіріліп келген.

Сұхбат

PhotoRoom