Сарыағаштың әлеуеті артып келеді

Аймақ
03.06.2016, 22:57

_DSC2702Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Сарыағаш ауданында өтіп жатқан бірінші көшпелі жиыны аясында облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды, облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев және аудан, қала әкімдері бастаған жұмыс топ ауданның Қызылжар ауылдық округінде орналасқан «Роза» шаруа қожалығында болды. Жобалық құны 30 млн. теңге болатын қожалық өз жұмысын осы жылы бастаған. Жалпы көлемі 2 гектар аумақты алып жатқан шаруа қожалықтың 1 гектары жылыжай. Ондағы 0,94 гектарға қызанақ, 0,06 гектарға қияр өсірілуде. Шаруа қожалықтың төрағасы Жақсылық Дүйсебаевтың сөзінше, осы күннің өзінде жылыжай өніміне Ресейден сұраныс көбейе бастаған,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Тамшылатып суару әдісі арқылы өсіріліп жатқан көкөністердің әр түбінен 4-5 келі өнім алынуда. Бір_DSC2604 маусымда 60 тонна өнім беруге қауқарлы жылыжай қатты отынмен жылытылады. Мұнда жергілікті 10 азамат жұмыспен қамтылған.

Жұмыс сапары барысында облыс активі Сарыағаш қаласындағы абаттандыру жайымен танысты. Биыл Сарыағаштағы 10 мың шаршы метрге 50 мың дана көпжылдық раушан гүлдері отырғызылып, тамшылатып суғару әдісі қолданылуда. Ол үшін аудандық бюджеттен 48,6 млн. теңге, демеушілер есебінен 2,4 млн. теңге жұмсалған. Аталған қаржыға жарықтандыру бағаналары мен жеңіл конструкциялық қабырғалар да орнатылған.

 

Сұхбат

PhotoRoom