Шымкентте 6 елдің шекара қызметі бас қосты

Аймақ
08.06.2016, 23:36

13413680_989328031183536_2623997057894545396_nҚұрылғанына 15 жыл болған Шанхай ынтымақтастық ұйымына енетін 6 елдің шекара қызметі өкілдері бүгін Шымкентте бас қосты.

Онда ұйымға мүше алты мемлекеттің – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің өкілдері аталған ұйымға мүше-мемлекеттердің шекарасындағы жағдай туралы өзара ақпараттарымен алмасты.

Сондай-ақ, мәжілісте лаңкестік жағдайлардың ұйымға мүше елдердің мемлекеттік шекаралық аймақтарына енген жағдайында олардың жолын кесуге бағытталған іс-шаралардың барысы талқыланды.

Мәжіліс барысында басшылар заңсыз іс-әрекетті ескерту және оның жолын кесуге бағытталған «Бірлік - 2016» шекаралық операциясының барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады.

Жиынның екінші бөлігінде қазақстандық шекарашылар ел шебін күзету бағытында тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, қолданыстағы жаңа инновациялық техникалық құралдармен танысты.

Отырыс қорытындысы бойынша ШЫҰ мүше-мемлекеттердің мемлекеттік шекараларын күзетуде бірлескен жұмыс атқару жөнінде бірқатар құжаттарға қол қойылды. Ал ұйымның келесі отырысы Қытай мемлекетінде өтетін болды.

Айта кетейік, ШЫҰ құрамына 6 мемлекет кіреді. Еуразия аймағының 60 пайызын алып жатқан ұйымға 3 млрд. 40 млн. адам, яғни, әлем халқының жартысы кіреді.

Сұхбат

PhotoRoom