Ғ.ӘБДІРАХЫМОВ: «КЕЗ-КЕЛГЕН НЫСАН САПАЛЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

Аймақ
11.06.2016, 19:26

13410457_532481266937751_690727375_oҚала əкімі Ғабидолла Әбдірахымов шаһардағы балабақшалар мен мектептердегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Әуелі жұмыс сапарында шаһар басшысы №53, №54 мектептердегі жөндеу жұмыстарын көзден кешіріп, Оспанов көшесі бойындағы балабақшаның толық қалпына келтіру жұмысын тексерді. Ол атқарылған жұмыстың сапасын көріп, мердігер мекемелердің өкілдерімен пікірлесті.

Жалпы алғанда, нысандардың құрылыс жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде. Сарапшылар қаладағы білім ұялары ғимаратының өз уақытымен пайдалануға берілетіндігін айтты.

13405693_532481240271087_1941618223_oҚала әкімі өзі сөзінде «Ең бастысы, сапасына көңіл аударған жөн» - деп атап өтті. Әрі, отандық құрылыс өнімдерінің шетелден еш кемдігі жоқ екендігін айта келе, оларға қолдау ретінде құрылысқа өз елімізде шығатын сапалы құрылыс заттарын пайдалануға шақырды. Сонымен бірге жауапты салаға жаңа оқу жылында шымкенттік оқушылардың жайлы және қауіпсіз мектептерде білім алуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Әлеуметтік нысандарды аралау барысында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Өтегенов көшесін ұзартылу жобасының құрылыс барысымен танысып, «Асар» шағынауданындағы инженерлік-коммуникация жүйелерінің қызметтерін көріп шықты. Осыған орай шаһардың солтүстігінде орналасқан ықшамауданда жүргізіліп жатқан инженерлік жұмыстарды жеделдетіп аяқтауды тапсырып, жергілікті тұрғындардың тауар тасымалдау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жағынан еш қиындық көрмеу керектігін атап өтті.

Сұхбат

PhotoRoom