Шымкентте «Мейірімділер тобы» қайырымдылық қоры жұмысын бастады. Қалада Гүлмира Әбдірашова жетекшелік ететін қайырымдылықпен айналысатын тағы бір ұйым жұмысын бастады.
Кеше «Оңтүстік» қабылдау үйінде қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов ауыз бекіткен жамағатқа арнап, ауызашар берді. Жалпы қариялар, зиялы қауым өкілдері, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, балалар үйінің тәрбиеленушілері және БАҚ өкілдері, жалпы жеті жүзден астам адам дәм татты. Ұлық мерекемен құттықтаған қала әкімі жиында клубтың филиалы ашылғанын атап өтіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Аталған қор көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектер, жалғызілікті тұрғындарға қайырымдылық жасауды масқат етіп отыр. Олар негізінен қаржы жинаумен емес, қайырымды азаматтардан азық-түлік, киім қабылдаумен айналысады.
Екі апта бұрын клуб төрайымы қала әкіміне ұсынысын жеткізген болатын. Ғабидолла Рахматоллаұлы ұсыныстарын қабыл алды. Клубтың бүгінде Алматы, Астана, Қарағанды қаласында да филиалдары жұмыс істейді. Instagram парақшасының мекенжайы: club_dobryakov_Shymkent немесе Gulmira001.