Кәрім Көкірекбаев "Тараз" футболшыларына қолдау білдірді

Аймақ
24.06.2016, 00:28

1466665081_img_3191

Жамбыл облысының әкімі К. Көкірекбаев «Тараз» футбол клубында болып, футболшылармен кездесіп, ашық әңгімелесті.

- Неге соңғы кездегі ойында ұтылыс көбейіп кетті. Қандай мәселе туындап отыр?, - деді облыс басшысы.

К. Көкірекбаев «Тараз» футбол клубының президенті М. Дүйсембаевты да орнынан тұрғызып, клубты бүгінгі жағдайдан қалай алып шығуға болатынын, командаға не жетіспейтінін сұрады.

– Сіздерге 1 млн 100 мың тұрғын сенім артады. Сол сенімнен шығу абыройларыңызды арттырады. Қазір команданың 70-80 пайызы – жергілікті жас ойыншылар. Бұл команданың болашағы бар екенін көрсетеді. Биылғы маусым барысында бірнеше белді ойыншылар жарақаттануына байланысты әлсіз ойын болған шығар. Енді командаға жаңа талантты ойыншылар алынып, жаңа күш қосылып жатыр. Әлі де премьер-лигада қалуға мүмкіндіктеріңіз толық бар деп ойлаймын. Команданың ойыншыларын жақсы білемін. Уақытымды бөліп, өз алаңымызда өткен ойындарды көпшілікпен бірге тамашалап, жанкүйер болып жүрмін. Махамбет Ахметұлы, жұмысты ширатыңыз. Бас бапкерге де сенім артамын. Команданың әр ойыншысына сәттілік тілеймін. Алға, жігіттер, – деді өнір басшысы.

Облыс әкімнің қолдауы «Тараз» футболшыларын жігерлендіреді деп сенеміз. Бұл туралы zhambylnews.kz сайты хабарлайды.

Сұхбат

PhotoRoom