Жамбылда астыққа орақ түсті

Аймақ
24.06.2016, 00:37

31570d53dbbda47d53a559fac2e32dedЖамбыл облысында егін ору науқаны басталды. Бүгінде астыққа орақты  өңірдегі екі аудан салып отыр. Олардың бірі Т.Рысқұлов ауданындағы "Луговой жылқы зауыты" ЖШС-гі. Аталмыш шаруа қожалық 3800 га күздік бидай және 7500 га жаздық арпа жинайтын болады. Бұл серіктестік егістік жинау маусымында 2015 жылы жаңадан алынған, жалпы сомасы 496,0 млн. теңге болатын 13 «Джон-Дир» комбайынын қолданады.

Егін жинау науқанында заманауи техникаларды кешенді қолдану барлық технологиялық үдерістерді үздіксіз орындауды қамтамасыз етеді. Шағын көлемді комбайндар жоғары өнімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Т. Рысқұлов ауданы бойынша 31 мың га алқапқа күздік бидай, 47300 га (44000 га жаздық арпа, 3300 га жаздық бидай) масақты дақылдар себілген. Аудан бойынша егін орағына  177 дана комбайн, 80 дана трактор, 169 дана астық тасымалдаушы көліктер мен 620 адам аталған маусымдық жұмысқа тартылады. Бүгінгі таңда дихандар қажетті кепілдендірілген жанармаймен толығымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, механикаландырылған 34 ток және 18 асфальталынған астық қырманы жұмыс істейді.

Науқанды алғашқылардың бірі болып бастаған тағы бір аудан ол - Қордай ауданы. Мұнда шаруалар  8411 га күздік бидай және жаздық арпа оруға кірісті. Жалпы аудан бойынша 42340 га масақты дақыл жинау жоспарланған. Науқан жұмыстарына 214 комбайн, 582 трактор тіркемесі және 382 автокөлік құралдары тартылады.

Жамбыл облысы бойынша жалпы егін алқаптарының аумағы 246455 га құрайды, оның  98971 га күздік бидай және 147484 га жаздық масақты дақылдар (арпа). Аймақ бойынша егін орағына барлығы 6691 ауылшаруашылық техникасы жұмылдырылады. Бүгінде облыста егін орағы үшін шілде-қыркүйек айларына 16000 тонна дизель отыны бөлінген. Астық алаңдары дақылдарды қабылдауға дайын, сондай-ақ қоймалар зиянкестерден тазартылды.

Сұхбат

PhotoRoom