Жамбылдық 60 компания өңірлік "Қазақстанның үздік тауарлары" байқауына қатысады

Аймақ
24.06.2016, 00:40

hqdefaultЖамбылдық 60-тан аса компания өңірлік "Қазақстанның үздік тауарлары" байқауына қатыспақ. Бұл туралы аймақтық Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады,-деп жазады zhambylnews.kz.

Сондай-ақ, облыстың 4 компаниясы республикалық "Алтын сапа" байқауына қатысуға өтініш бермек.

"Алтын сапаға" қатысатын бизнес нысандары "«Өндірістік бағыттағы үздік кәсіпорын»,  «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын» және «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын" аталымдары бойынша бақ сынайды.

Ал аймақтық көрме-байқаудың  жеңімпаздары «Өндірістік бағыттағы үздік тауар», «Халық тұтынатын үздік тауар» және «Үздік азық-түлік тауары» атты үш аталым бойынша сынға түсетін болады.

"Қазақстанның үздік тауарлары" байқау-көрмесінің аймақтық кезеңі Тараз қаласында 12 тамызда "Тараз-арена" спорт кешенінде өтеді.

Бүгінде облыста шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Өңірде жұмыс істеп тұрған 67 378 бизнестің 99,4 пайызы шағын кәсіпкерлікке тиесілі. Осы шағын кәсіпкерлердің 60 пайызы ауыл шаруашылығы мен сауда саласында жұмыс істейді

Сұхбат

PhotoRoom