Кәрім Көкірекбаев: Киров су қоймасы бақылауда, ешқандай қауіп жоқ

Аймақ
27.06.2016, 18:49

4069Бүгін Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған жұмыс тобы Қырғыз Республикасы Талас облысының губернаторы Даиыр Кенекеевпен бірге Киров су қоймасына арнайы барып, жағдаймен танысты. Биылғы су көлемі жылдағыдан екі есе артық болғанымен, одан келер қауіп жоқ. Қос облыстың басшылары жағдайдың бақылауда, әрі тұрақты екенін мәлімдеді.

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған жұмыс тобы Қырғыз Республикасы Талас облысының губернаторы Даиыр Кенекеевпен бірге Киров су қоймасына арнайы барып, жағдаймен танысты. Биылғы су көлемі жылдағыдан екі есе артық болғанымен, одан келер қауіп жоқ. Қос облыстың басшылары жағдайдың бақылауда, әрі тұрақты екенін мәлімдеді. Бүгінгі таңда аталған қоймада 518 млн куб текше метр су бар. Түсіп жатқан су көлемі секундына 96 куб текше метр болса, оның 85 куб текше метірі Жамбыл облысы Талас өзеніне тасталуда. Ал өткен аптада жиналған судың көлемі 548 млн куб текше метрге жеткен болатын. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе артық. Су мөлшерінің көптігіне жауын-шашынның көп түсуі себеп болуда.

- Жыл сайын Киров су қоймасына 245 млн куб текше метрдей су жиналатын. Биыл мөлшерден артық. Өздеріңіз білесіздер Жамбыл облысы 80 пайыз суды Қырғыз елінен алады.

- Ал су қоймасының қазіргі жағдайы тұрақты, су қоймасы бақылауда, алаңдайтын еш негіз жоқ, сұрақтар шешілді, - деді облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев.

Сұхбат

PhotoRoom