Жамбыл облысының 5 спортшысы Рио- де- Жанейрода өтетін олимпиадаға қатысады. Спортшыларды бүгін облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қабылдап, сәттілік тіледі.-Өздеріңіз білесіздер қасиетті Әулиеата өңірінен шығып, атымызды әлемге танытып жатқан спортшыларымыз жетерлік. Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ыбырайымов, Ислам Байрамуков, Бахтияр Артаев, Марат Мәзімбаев-барлығы да біздің жерлестеріміз. Мен сіздерге жарыс жолында үлкен жеңіске қол жеткізулеріңізге тілектеспін. Байрақты бәсекеден жүлделі оралатындарыңызға сенемін,-деді аймақ басшысы.