Шымкент әкімі Қошқар-Ата өзені жағалауында тұрғындарға қолайлы демалыс аймағын жасауды тапсырды
Бүгін, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов шаһар ортасынан ағып өтіп жатқан Қошқар Ата демалыс аймағын аралап, өзен арнасы мен оның айналасында салынған әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
Шаһар басшысы тұрғындарды қала аумағында шарт-жағдайыжақсы тынығу орындарымен қамтамасыз ету, тікелей жергілікті атқарушы биліктің маңызды міндеті болып табылатындығын атап өтті. Осыған орай, ол шұғыл түрде жауапты сала мамандарына өзен жағасындағы қоршаған ортаның тазалығын жақсартып, шымкенттіктерге қолайлы, еркін демалыс аймағын жасауды тапсырды.