ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ЖУРНАЛИСТЕР ҚАУЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Аймақ
30.06.2016, 21:08

DSC_512428 маусым – байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай, ақпарат айдынында талмай еңбек етіп келе жатқан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері марапатталды. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Шымқаланың түрлі саладағы жетістіктерін нәсиxаттап жүрген бірқатар журналистерді төл мерекесімен құттықтады.

Сонымен қатар қалалық мәслихат хатшысы Нурлан Бекназаров және ҚР Журналистер Одағының облыстық филиалының төрайымы Айгүл Қапбарованың атынан бірқатар сый-сияпаттар табысталды. Шымкенттегі «Barvilla» мейрамханасында өткен салтанатты жиында қала әкімінің арнайы алғыс xатымен "ТВК" телеарнасы директорының орынбасары Ринат Хамидуллин, республикалық «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібай, "Оңтүстік Қазақстан" газетінің бұқарамен байланыс бөлімінің меңгеруші Жеңіс Баһадүр қатарлы бірқатар азаматтар марапатталды.

Сұхбат

PhotoRoom