Жамбылда өткен жылы 1000, 5 млрд теңгенінің өнімі өндірілді

Аймақ
30.06.2016, 23:58

????????????????????????????????????

Жамбыл облысы әлемдегі қиын экономикалық жағдай мен дағдарысқа қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы, «Нұрлы жол» бағдарламасы мен өзге де бағдарламалардың арқасында, әлеуметтік-экономикалық жағдайы оң қарқынмен дамып келеді. Жалпы, экономикалық саясаттың басында адам, адами капитал, адамның жақсы өмірі мен денсаулығы, білімі тұрады. Халықты жұмыспен қамтуға, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударамыз. Дегенмен, әлем экономикасының салқыны бізге де тиіп, жыл басынан бері өндіріс көлемі 10 пайызға азайып кетті. Бірақ, былтыр жалпы аймақтық өнім 1,6 пайызға артып, 1000, 5 млрд теңгені құрады. Жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім 180 мың теңгеге жетті. Бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 7,4 пайызға артық көрсеткіш. Орташа жалақы 7,3 пайызға артып, 81,3 мың теңгені құрады. Аграрлық саладағы өндіріс көлемі 6,6 пайызға артты. Соңғы жылдың кірісін есептегенде, облыс бюджеті 202,2 млрд теңгені құрады. Өңірімізде тұрғын үй, мектеп пен балабақша құрылысы қарқынды жүріп жатыр, елді мекендерге газ тартылып, жұмыссыздық пен кедейлік деңгейі азайып келеді. Бүгінде аймақтағы елді мекендердің 48 пайызы, яғни, облыс халқының 60 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. Облыстың төрт қаласы 82,8 пайызға орталықтандырылған су жүйесімен қамтылып, елді мекендердің 65 пайызына су тартылған. Өткен жылдың өзінде құрылыс жұмыстарының көлемі 94 млрд теңгені құрады, құрылысқа тартылған инвестиция 6 пайызға артып, 13,2 млрд теңгені құрады. Өңірді дамыту бағдарламасының арқасында 292 мың шаршы метрден астам баспана салынды. Аймақтың инфрақұрылымын дамытудағы басты аспект - автокөлік жолдары, бүгінде облыс жолдарының 74 пайызы қанағаттанарлық және жақсы деңгейде,-деді облыс әкімі. «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевпен әңгімесінен үзінді.

Сұхбат

PhotoRoom