Жуалы ауданына жаңа әкім тағайындалды

Аймақ
01.07.2016, 00:03

АКимЖамбыл облысы әкімінің 2016 жылғы 30 маусымдағы №222-ө өкімімен Көпбосынов Бахтияр Бейсембайұлы Жуалы ауданының әкімі болып тағайындалды.

Көпбосынов Бахтияр Бейсембайұлы 1964 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі  жоғары, 1987 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «инженер-гидротехник» және 2005 жылы «Әулие-Ата» университетін «қаржы бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл ет комбинатында сараптаушы болып бастаған.

1987-1991 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтында кафедра ассистенті, мұғалімі, комсомол комитетінің хатшысы, 1991-2006 жылдары бизнес құрылымдарда басшы, 2006-2008 жылдары «АСАР» Республикалық  партиясының Жамбыл облыстық филиалының партия хатшысы,  «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары, 2008-2010 жылдары «КазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы директорының орынбасары, 2010-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.

2013-2016 жылдары аралығында Меркі ауданы әкімінің қызметін

атқарған.

Сұхбат

PhotoRoom