К.Көкірекбаев:Жамбыл облысы бүгінде ет импортына мұқтаж емес

Аймақ
01.07.2016, 01:29

1_286Жамбыл облысы негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткілікті мөлшерде өсіре алады, өсіріп те жүр. Дегенмен, біздің облысқа көршілес аймақтардың зор сұранысына байланысты, күз мезгілінде көкөніс пен жеміс-жидек басқа облыстарға көптеп тасымалдана бастайды. Осылайша, маусымаралық кезеңде өз тауарымыз өзімізге жетпей қалады. Сондықтан да, облыс Қырғызстан мен Өзбекстаннан өнім тасыйды.

Біздің өндірісіміз облыстың сұранысын, атап айтсақ, картоп өніміне деген сұранысты 2,4 есе, сәбіздің сұранысын 5 есе, сарымсақ сұранысын 12 есе, қырыққабаттың сұранысын 1,3 есе, қызылша сұранысын 4,8 есеге артық қанағаттандыра алады. Ет өнімі облыс бойынша жеткілікті мөлшерде өңделеді, тіпті облыс пен өзге аймақтарды етпен қамти алады. Жамбыл облысы бүгінде ет импортына мұқтаж емес, аймақ сиыр етімен 150 пайызға, қой етімен 170 пайызға қамтылған,-деді аймақ басшысы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.

Сұхбат

PhotoRoom