Мойынқұм ауданында жаңа цемент өндірісі іске қосылды

Аймақ
02.07.2016, 21:03

20160701121414Индустрияландыру бағдарламасының жартыжылдығын қорытындылауға арналған телекөпір барысында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында жаңа цемент өндірісі іске қосылды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Индустрияландыру бағдарламасының аясында бұл ауданда төрт өндіріс іске қосылып, екі мыңнан аса жұмыс орны ашылған. Жергілікті тұрғындар, әсіресе, жастар жұмыспен қамтылып, халықтың жағдайы жақсарған.

«Мен осы цемент зауытында жұмыс істеймін. Ауданда жұмыскерлер үшін барлық жағдай жасалған. Жалақымыз жақсы. Сізге аудандағы өзім секілді жас жұмыскерлер атынан шексіз алғысымызды білдіремін», - деді телекөпір барысында сөз алған Жамбыл цемент өндірісі компаниясының қызметкері Мақсат Жұматаев.

«Мойынқұмдағы жаңа өндіріс орындары өте қуантады. Себебі, әр уақытта Мойынқұм халқы аз, жағдайы нашар, суы жоқ жер еді. Қазір осындай өзгерістер бет алып, халық сонша жұмыс алып, азаматтар өндіріске тартылғаны мені өте қуантады», - деді Мемлекет басшысы жаңа өндірісті қосуға рұқсат бере отырып.

Сұхбат

PhotoRoom