Samsung компаниясы Shymkent cityді дамытуға қатысады

Аймақ
03.07.2016, 14:36

5775232f2f8f8Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов  Samsung Central Eurasia президенті Юн Вол Конмен кездесті.  Басқосуда екі жақ трансұлттық компанияның қала дамуына қатысуы туралы талқылады. Бұдан бөлек, кореялық компанияның инновациялары, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінде де қолданылуы мүмкін.

Сондай-ақ, Юн Вол Кон қала әкімдігі жүзеге асыруды жоспарлаған Shymkent сity ауқымды жобасынына қызығушылығын білдірді.  Samsung Central Eurasia президентінің айтуынша, компанияның осы жобаға қатысуы оның дамуына айтарлықтай үлесін қосады.

Айта кетейік, жақында «Shymkent сity» деп аталатын жаңа іскерлік және тұрғын үй кешені құрылысы басталған болатын. Бүгінгі таңда жол және басқа да коммуникациялар орнату бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. 2017 жылы кешеннің орталығында орналасатын саябақтың құрылысы басталады.

«Shymkent City» қалананың солтүстік бөлігінде, Бәйдібек би ескерткішінің жанында орналасатын болады. Кешен заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыздандырылған, өмір сүруге және кәсіп жүргізуге қолайлы, ең жоғары стандарттарға жауап береді.

Жоба өткен жылы ұсынылып, өңір басшысы Б. Атамқұловтың тарапынан қолдау тапқан Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі даму Концепциясының шеңберінде жүзеге асырылуда.

 

Сұхбат

PhotoRoom