ОҚО-да ҚИДИ өкілдері жұмыс сапарымен болды

Аймақ
05.07.2016, 18:59

Таяуда өнірлік кластерлерді дамыту бастамасы шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысына «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның (ҚИДИ) өкілдері іссапармен келді. Іссапар барысында «ҚИДИ» АҚ өкілдері бастаманы іске асыру тетіктері және негізгі серіктесі ретінде Дүниежүзілік банк тобы туралы айтты. Төрт күн ішінде өкілдер өңірдің бірқатар жетекші «Евр13439231_1005434822906190_7677201005703103570_nоКристалл», «Хилл Корпорейшн», «Бал Текстиль», «Алем БТ», «Барыс 2007», «Шымкентмай», «Шымкентцемент», «Завод «Триумф ММС» және «ЮгПищеПром» сияқты кәсіпорындарында болды. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы, «Шымкент» ӘКК, «Оңтүстік» АЭА және ИА Басқарушы компанияларымен келіссөздер жүргізді. Жұмыс сапары аясында ОҚО фармацевтикалық кластеріне кіретін мекемелермен («Химфарм», «Зерде», «Казмедприбор», ОҚО фармацевтикалық қауымдастығы мен медициналық ұйымдары), «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының ӨФ және ОҚО КП өкілдерімен кездесу өткендігін жеке атап өту қажет. Сондай-ақ, ОҚО Кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының ұсынысы бойынша ОҚО Туристік ақпараттық орталығы базасында туристік саладағы кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылды. Жүргізілген жұмыстар қорытындысы бойынша, ОҚО кластерлер, атап айтқанда облыстың фармацевтика, туризм, азық-түлік өнеркәсібі, тоқыма, логистика бойынша, үлкен әлеуеті бар екенін «ҚИДИ» АҚ өкілдері атап өтті. Қазіргі уақытта «ҚИДИ» АҚ кластерлерді іріктеп алу бойынша жұмыстарды жүргізу мақсатында облысқа қайта келуді жоспарлауда.

Сұхбат

PhotoRoom