Астана күніне орай Жамбылда 280 орындық балабақша ашылды

Аймақ
05.07.2016, 20:40

1467627655_1-akimЖамбыл облысында Астана күніне орай «Нұрәлім» мемлекеттік-жекеменшік сауықтыру балабақшасы ашылып, ел игілігіне  пайдалануға берілді. 280 балаға шақталған балабақша Жамбыл ауданы Қараой  ауылында орналасқан.  Бөбекжайдың салтанатты ашылуына облыс әкімі К.Көкірекбаев, басқарма басшылары, ардагерлер мен ауыл тұрғындары қатысты. Қазақстан Республикасы Тәуелсідігінің 25 жылдығына орай 1467627702_2-akim өнірімізде  71 мектеп, 21 балабақша және 600 орындық колледж соғылған. Ал Жамбыл ауданында 18 балабақша және 17 шағын орталықтар бар. Қараой ауылында 5700 халық тұрады, осының бәрін түсініп кәсіпкер  заманға сай балабақша сыйлап отыр. Осы бүлдіршіндер өсіп-өніп үлкен дәрежелерге жетсін, оларға біздің жолымызды берсін. Осы жерде балалардың дауыстарымен әндері шығып бақытты ойындар ойналсын, -  деді өңір басшысы

Ғимараттың жалпы көлемі 3 280,0 м2 құрайды. Жобаның жалпы құны 437 млн. теңге.

Сұхбат

PhotoRoom