Шымкент қаласының әкімі қызметтік көлігін велосипедке ауыстырды

Аймақ
06.07.2016, 23:53

photo_189239Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметтік көлігін велосипедке ауыстырды. Бұған дейін қызметтік көліктен бас тартып, өз көлігін пайдаланып жүрген шаһар басшысы енді жұмысына велосипедпен қатынауды ұйғарыпты. – Қала әкімінің көлік орнына велосипедті таңдауы PR-қадам емес. Ол қала тұрғындарына үлгі көрсетіп, велосипедпен жүру тек денсаулыққа пайдалы ғана емес, сондай-ақ кептелістен оңай құтылуға болатынын да көрсеткісі келеді, – дейді әкімдік қызметкерлері.

Ал заң бойынша қызметтік көлікке бөлінетін қаржы әкімдік қызметкерлерінің сыйақы қорына аударылмақ.

Сұхбат

PhotoRoom