
Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымов əкімдік мүшелерімен бірге қала көшелерінде веложол жүйесін енгізу жұмыстарын тексеру үшін қорытынды тур жасады.
Айта кетерлігі, алғашқы велостанцияның ашылу салтанаты 9 шілде Әль-Фараби алаңында өтпек. Онда азаматтар велосипед пайдалану үшін арнайы карта сатып алу мүмкіндігіне ие болады.
Олардың бір жылдық төлемақысы 11,500 теңге болып, 10000 теңге жол жүру құнына, 1000 теңге (тек бірінші кезге) тікелей картаның өзіне, ал, 500 - теңге пайдаланушы балансы болып есептелінеді. Төлем картасын сатып алған жағдайда арнайы PIN-код беріледі.
Айта кетерлік жайт аталмыш жоба Шымкентте Астанадан кейін екінші болып енгізілуде. Егер тұрғындар

Астанада маусымына 6 ай қолдана алса, Шымкентте 1 жыл қолдану мүмкіндігіне ие. Сондықтан да бағасы қымбатырақ келеді.
Станцияны қалай пайдалануға болады? , Арнайы оқырманға түсінікті болуы үшін велосипедте анықтама қызметі жапсырылған. Әуелі картаны бекітіңіз кодын енгізіңіз, велосипед автоматты түрде қозғалысқа дайын болады. Іске қосылғаннан соң коммуналдық велосипед жарты сағат тегін қызмет көрсетеді. Онан әрі әрбір сағат 100 теңге тұрады.
Әрбір велосипедке борттық компьютер, себет сөмкелер мен заттар орнатылған.