Тараз қаласында «Астана күні» мерекесіне орай «Астана – елімнің жүрегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шараға қатысқан қала тұрғындары облыстық филармония өнерпаздарының арнайы дайындаған мерекелік концерттік бағдарламасын тамашалады.
Сонымен қатар, осы күні Таразда «Астана – болашақ қала» атты фотокөрме өтті. Тараз қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залында ұйымдастырылған шараның мақсаты қала тұрғындарын жас Астананың көрікті жерлерімен таныстыру. Көрмеде жас шаһардың түрлі кезеңдерін сипаттайтын фотосуреттері көрсетілді. Көрме қатысушылары жас қаланың тарихы мен шахардың көрікті жерлерімен танысуға мүмкіншілік алды. Фотокөрме соңында ұйымдастырушылар мен қала тұрғындары естелік суретке түсті.