Жамбылда қылмыстық құқық бұзушылық 9,3% кеміді

Аймақ
12.07.2016, 18:53

jergilikti-policiaБұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция полковнигі Бақытжан Бейсеев мәлім етті.

«Өздеріңізге белгілі Жергілікті полиция қызметі өз жұмысын атқарғанына жарты жыл уақыт  болды. Осы уақыт ішінде Жергілікті полиция қызметімен облыс аумағында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Мәселен, криминогендік жағдайды тұрақтандыру бойынша «Құқықтық тәртіп», «Шартты», «Есеп», «Жасөспірім», «Отбасы және мектеп», «Қауіпсіз жол», «Автобус» атты жедел профилактикалық іс-шаралар. Ал облыс орталықтары мен аудандарда локальді іс-шаралардың жүргізілді»,- деді полиция полковнигі.

Оның айтуынша, жүргізілген шаралардың нәтижесінде Жамбыл облысы аумағында жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтардың - 9,3% яғни, 9434-тен 8557 дейін кемуі байқалады. Қоғамдық жерлерде жасалған қылмыстар -1,6 % (1768 ден 1740 дейін), ал көшелерде жасалған қылмыс -0,6 % (1025-тен 1019 дейін) кеміген. Бұған қоғамда кез-келген ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру ықпал етті. Осы орайда біз ең ұсақ құқық бұзушылықтар мен бұзақылықтарға келіспеушілік таныту керекпіз, себебі бұл қоғамдық тәртіп және тыныштықты бұзады. Ал бұл өз кезегінде салмақты қылмыстар жасауға жағдай жасайды.«Мүлдем төзбеушілік» бойынша біз 68 935 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтадық. 605 млн. теңгеден артық айыппұл салынса, бүгінде  оның 164 млн. өндірілді.

Сонымен қатар, рецидивті, отбасы-тұрмыстық алкоголь себепші болған құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша және профилактикалық есепке алынған тұлғаларға қатысты жұмыс жүргізіледі. Осылайша, отбасы жанжал қойларына қатысты отбасы саласында жасаған бұзушылықтары үшін қорғау нұсқамалары шығарылып және сотпен құқық бұзушылардың мінез-құлқына 61 ерекше талап қойылды. Нәтижесінде отбасы-тұрмыстық салада жасалған қылмыстар 11,1% (9 дан 8 дейін) кеміді. 2016 жылдың 6 айы ішінде кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар бұрынғы деңгейде қалып отыр (97 ден 97). Өткен кезеңде прокуратура, білім беру басқармасы, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия және басқа да мүдделі үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп 2038 бірлескен рейдтер өткізілді, оның ішінде 1723 мектептегі рейдтік іс-шаралар.

Сұхбат

PhotoRoom