Шымкентте «Қауіпсіз қала» акциясы кезінде мыңнан аса жол ережелерін бұзу жайты анықталды

Аймақ
13.07.2016, 16:07

13600211_1010493252400347_3894309252934719143_nТаяуда ОҚО Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметінің полицейлері Шымкент қаласында қалыптасқан жедел жағдайды жақсарту, жол көлік оқиғаларын және олардың салдарынан болатын ауыртпашылықты төмендету мақсатында «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды. Оған Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері мен қоғамдық көмекшілер, көлік инспекциясының өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Полицейлер негізгі зейінді автокөлікті мас күйінде басқару, жылдамдықты арттыру, жаяу жүргінші өткелдері мен жол қиылыстарында маневрлер жасауда және тәртіп сақшыларына бағынбау және т.б. жайттарды анықтауға көңіл бөлді.

Іс-шараның 2-тәулігінде жол қозғалысы саласы бойынша жалпы 1033 құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде: 11-автокөлікті масаң күйде басқару, 222-қауіпсіздік белдігін қолданбау, 194-ұялы телефон пайдалану, 142-автокөлікті күнгірттеу, 88-жол белгілерінің талаптарын бұзу, 40-автокөліктерді құжатсыз басқару, 19-тыйым салынған жерде тоқтау, 6-қарама-қарсы жолағына шығу, 127-жаяу жүргіншілермен ЖЖҚ бұзу, айыптұраққа жол қозғалысы ережелерін бұзған 70- автокөлік қойылды.

ОҚО ІІД ЖПҚ ЖППП қызметкерлерінің қатысуымен 2 күндік рейд іс-шарасы барысында 4 қылмыс ашылды. Оның 2-уі бұзақылық жайты болса, 2-уі ұрлық және тонау жағдайлары бойынша қозғалған.

Сұхбат

PhotoRoom