«ЮгЭлектроПривод» ЖШС-гі елімізде аналогы жоқ трансформаторлар үшін жаңа өнім түрлерін шығарады

Аймақ
14.07.2016, 16:23

64Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде Кентау қаласында 2015 жылдың желтоқсанында индустриялды карта аясында «ЮгЭлектроПривод» ЖШС-нің тоқ және кернеу ажыратқыштарын, айырғыштардың өлшегіш трансформаторларын шығаратын жаңа зауыты іске қосылған болатын. Аталған жобаның жүзеге асырылуы трансформаторлар өндірісіндегі қазақстандық қамту үлесін арттыруға мүмкіндік береді.  Кәсіпорында Қазақстан бойынша аналогы жоқ, трансформаторлар үшін жаңа өнім түрлерін (вакуумды ажыратқыштар) шығару өндірісі жолға қойылды. Зауыт құрылысына 828 млн.теңге инвестиция тартылып, қосымша 50 жұмыс орны ашылды. Жобаны іске асыруда мемлекет тарапынан индустриялды аймақ аумағынан жер телімі бөлініп, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша банктік несиенің 48пайыздық мөлшерлемесіне субсидия берілді. Қазіргі кезде кәсіпорын трансформаторлар өндірісі үшін құрастырушыларды (комплектующие) шығаруда.

Кентау трансформатор зауыты АҚ Трансформаторлар бойынша жетекші құрастырушы Адасбай Ыстыбаевтың айтуынша, Кентау қаласы бүгінде қарқынды дамып келеді. Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаулар көрсетілуде. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Индустриялық аймақ құрылды, 200-ден астам кәсіпкер жеңілдетілген несие мен грантқа қол жеткізді. Трансформатор өндірісінің қазақстандық қамтуын арттыру мақсатында жаңа өнім түрлерін шығару қолға алынып, 3,5 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды», - деді ол.

 

Сұхбат

PhotoRoom