Оңтүстікте жастарға арналған «Бірлігіміз жарасқан» достық семинары өтті

Аймақ
14.07.2016, 16:44

13698019_1011225178993821_7616382066412573845_oОблыс жастарының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен таяуда Түлкібас ауданы, Машат шатқалындағы «Технолог» сауықтыру базасында «Бірлігіміз жарасқан» 3 күндік достық семинары өтті.

Түрлі этнос өкілдері мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ, 200- ден астам жастың қатысуымен өткен семинарда мемлекеттік жастар саясаты түсіндіріліп, «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының төртінші реформасы «Біртектілік пен бірлік» - 85-90 қадамдарды жүзеге асыру мен ұлт аралық татулық тақырыптарында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Сонымен бірге, облысымыздағы жастардың күрделенген мәселелерін шешу тақырыбында жастар тарапынан айтылған жаңа идеялар тыңдалып, оларға қажетті мәліметтер де берілді.

Аталған іс-шара биыл төртінші рет арнайы жоба ретінде өткізілді. Жалпы, семинар барысында достық квест, energiser, green party сияқты жастардың тың шаралары өткізілуімен қатар, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, талантты, дарынды, шығармашыл жастардың концерттік бағдарламасы тамашаланды.

Айта кету керек,  Тәуелсіздік алған уақыттан бері облыс жастарының саны 200 мыңға өсті. Яғни 1991 жылы өңірде 14-29 жас аралығындағы  жастар саны 502 мыңға жуық болса, осы  жылы 767 963 жасты құрап отыр. Бұл еліміздегі бірқатар облыс тұрғындарының жалпы санымен салыстырғанда әлдеқайда артық.

Сұхбат

PhotoRoom